Қоғам

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысы сағат 15:00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасынан көрсетіледі

АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. 16 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жиын барысында президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарланған", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Отырыс кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысы сағат 15:00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасынан көрсетіледі.

Айта кетері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы 2021 жылдың 25 ақпанында өтті. Жиында Тоқаев баспананы арзандатудың жолын ұсынды.

Ұлттық кеңес туралы не білеміз

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусымда құрылды. Кеңестің алғашқы отырысы сол жылы 6 қыркүйекте өткен еді.

Ұлттық кеңес – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Кеңес қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.

Кеңес құрамына түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, танымал сарапшылар кіреді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0