Қоғам

Прокурор Біртановты 2022 жылдың қаңтарына дейін үйқамақта ұстауды сұрады

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр здравоохранения Елжан Биртанов
Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Прокурор бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартуды сұрады

АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан тергеу сотында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзарту туралы іс қаралып жатыр.

Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бөлімінің прокуроры Төлеген Жараспаев үйқамақ мерзімін іс материалдарымен танысу үшін 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін ұзартуды сұрады. Ол іс бойынша тергеу аяқталғанын, іс материалдары 133 томнан тұратынын, екі күдікті бар екенін айтты.

Бұрынғы министр Елжан Біртановты үш адвокат Нұрлан Бейсекеев, Серік Сағалиев және Дмитрий Куряченко қорғайды, сондай-ақ Біртановтың екі туған бауыры Ержан Біртан және Есжан Біртанов қорғаушысы саналады. Прокурордың айтуынша, қатысушыларға іс материалдарымен танысу үшін уақыт қажет.

"Күдіктінің өзі танысты ма?"- деп нақтылады судья Ақмарал Исаева.

"Қазір қылмыстық іс материалдарының көшірмелері танысу сатысында тұр", - деп жауап берді прокурор. Ол сондай-ақ 26 шілдеге дейін жәбірленуші тарап іс материалдарымен танысқанын айтты.

Оқи отырыңыз: Біртанов: мен бұл күдікпен де келіспеймін

Біртановтың адвокаттары мен қорғаушылары үйқамақ мерзімін ұзартуға қарсы шықты. Адвокат Дмитрий Куряченко тергеудің барлық төрт дәлелі Біртанов пен Әбішевтің 2018 жылы платформаны жұмыс істемейтін күйде қабылдағаны туралы, Эриксон Никола Тесла Хорват компаниясының пайдасына министрлік 6,8 миллион доллар сомасын заңсыз төлегені, іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 миллион долларды құрайтыны, сондай-ақ платформа жұмыс істемейтіні және медициналық мекемелер пайдаланбайтынын негізсіз деп атады.

Сондай-ақ адвокат барлық қабылдау-тапсыру актілерінде Елжан Біртановтың қолы жоқ екенін, платформаны денсаулық сақтау вице-министрлерінің Алексей Цой мен Олжас Әбішевтің актілері бойынша қабылданғанын атап өтті.

Ержан Біртанов сөйлеген сөзінде Эриксон Никола Тесла компаниясының 2020 жылы олардың сұрауына жауап ретінде Қазақстанның тергеу органына жолдаған жазбаша өтінішін көрсетті.

Хатта "Қазақстанның белгілі бір тергеу органдары компания беделіне зиян келтіру арқылы тікелей шығын келтіреді" делінген. Компания Қазақстанның билік органдарына электрондық денсаулық сақтау жобасын іске асыру туралы түсініктеме немесе ақпарат беруге дайын екенін білдірді. Ержан Біртанов Эриксон Никола Тесла компаниясына осы хатты талап ету туралы өтініш білдірді.

Сондай-ақ адвокат Серік Сағалиев іс материалдарында Эриксон Никола Тесла қызметкерлерінен жауап алу хаттамалары бар екенін айтты. Соған сәйкес, олар Біртановтың жұмыс істемейтін платформаны қабылдап алғанын жоққа шығарған. Адвокат бұл материалдарды тергеуден талап ету туралы өтініш білдірді.

Сотта прокурор соттан екінші өтінішті қанағаттандырмауды сұрады.

Тараптарды тыңдап, судья Ақмарал Исаева қорғау өтінішін қанағаттандыруға қаулы етті, сондай-ақ прокурордан Эриксон Никола Теслаға жауап пен компания қызметкерлерінен жауап алу хаттамаларын ұсынуды талап етті. Судья 12 қарашада сағат 15.00-ге дейін үзіліс жариялады.

Біртановқа қандай айып тағылды

Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті (бұл қызметті ол 2017 жылдан бері атқарды). Бұрынғы шенеуніктің ұсталғаны туралы қарашаның басында белгілі болды: сол айда Біртанов үй қамауына алынды, ол әлі күнге дейін қамауда отыр. Бастапқыда Біртановқа мемлекет ақшасын жымқырды деген айып тағылды, алайда сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін бес күн бұрын бап "лауазымдық өкілетін теріс пайдалану" деп өзгертілді.

Қаржы мониторингі агенттігінің пікірінше, Біртанов пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық деректі біріктіруге тиіс болған жұмыс істемейтін ақпараттық платформаны қабылдап, пайдалануға берді. Қазір платформа жұмыс істемейді, ал орындалмаған жұмыстардың құны 1,5 миллиард теңгеге бағаланады.

Бұдан басқа Біртановқа өкілетін асыра пайдаланды деген тағы бір айып тағылған. Ол 2020 жылдың маусымында Тараздан Нұр-Сұлтанға жету үшін санавиация ұшағын заңсыз пайдаланған деген күдікке ілінді.

Жаңалықтар
0