Қоғам

Министр төрт жаңа колония қай өңірлерде салынатынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинКолючая проволока
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Үш жылда Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 4 түзеу мекемесі салу жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алдағы үш жылда қай өңірлерде төрт колония тұрғызылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр қазір мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жаңа колониялар салу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

"Алдағы үш жылда Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 4 мекеме салу жоспарланған. Әр колонияға 1,5 мың сотталушы сыяды. Әр колонияда арнайы өнеркәсіптік аймақ қарастырылады. Бұл сол мекемелер аумағының шамамен 50%-і", - деді Тұрғымбаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев заманауи типті төрт жаңа колония салынатынын мәлімдеді. Ведомство басшысы түзету мекемелерінде халықаралық ұйымдар мен жұртшылық талап ететін бүкіл норма сақталатынын айтты.

Қазір Қазақстанда 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0