Қоғам

Елде пандемия басталғанда жабылған ішкі рейстердің барлығы іске қосылды

© Photo : Авиакомпания Air AstanaAirbus 321LR авиакомпании Air Astana
Airbus 321LR авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 70 процентке артып, 12,6 миллион адам болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазақстанның әуе қатынасы саласындағы көрсеткіштер былтырмен салыстырғанда біршама өсті, деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі. 

Соңғы тоғыз айда тасымалданған жолаушылар саны 81%-ке артып, 6,9 млн. адамға жетті. Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 70 процентке артып, 12,6 млн. адам (2020 жылдың 9 айында – 7,4 млн. адам, 2019 жылдың 9 айында - 12,3 млн. адам) болды.

Бүгінгі күні ішкі рейстер толықтай қалпына келтірілді (аптасына 57 бағытта 744 рейс).

Сондай-ақ 23 мемлекетпен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Грузия, Тәжікстан, Польша, Нидерланды, Черногория, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив, Әзербайжан, Катар, Шри-Ланка, Таиланд) арадағы халықаралық рейстер (аптасына 63 бағытта 247 рейс) қайта ашылды.

Орташа есеппен алғанда ішкі бағыттарда күніне 106 рейс, халықаралық бағыттар бойынша 35 рейс орындалады.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0