Қоғам

Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық елге экстрадицияланды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Шәріпов алпыстан астам адамды алдап, 34 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Ол Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды

АЛМАТЫ, 5 қараша – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы 32 жастағы кәсіпкердің Германиядан елге экстрадицияланғанын хабарлады.

1989 жылы туған Айдос Шәріпов Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналастырамын деп Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деген күдікке ілінді.

Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шеккен, келтірілген залал сомасы 34 миллион теңге шамасында.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Соған байланысты Шәріповке халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0