Қоғам

Қазақстанда 2040 жылға қарай су тапшылығы 50%-ке дейін жетеді

© Sputnik / Елена БережнаяРека Есиль близ Петропавловского гидроузла
Река Есиль близ Петропавловского гидроузла - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Су тапшылығын азайту үшін елімізде жерасты су қорларын зерттеу мен қайта бағалауды жандандыру қажет, дейді депутат

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Сенат депутаты Әбдәлі Нұрәлиев премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында су тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатордың айтуынша, Қазақстанда 2040 жылға қарай су тапшылығы 50%-ке дейін жетеді.

Қазақстанның тау көлдеріне "Қазгидромет" жүргізген көп жылдық бақылау нәтижесі бойынша өткен жылы қар жамылғысы айтарлықтай төмендегені анықталып отыр. Осыған байланысты біздің ел мен көрші мемлекеттердің көптеген су қоймасында су деңгейі тұрақты түрде төмендеп барады және бұл үрдіс соңғы үш жыл бойы сақталуда.

Нұрәлиев су тапшылығы мәселесін шешу үшін бірқатар нақты қадам ұсынды.

"Қазақстанның бірқатар облысын сумен қамтамасыз етіп отырған Шу және Талас өзендерінің бойынан Қырғыз Республикасының "Бурулдай" су қоймасы мен "Бала-Саруу" ГЭС-ін салу жоспарларына байланысты тиісті шараларды қарауды ұсынамыз", - деді депутат.

Сондай-ақ ол су ресурстарының болжамды тапшылығын азайту үшін елімізде жерасты су қорларын зерттеу мен қайта бағалауды жандандыру қажет екенін айтты.

Бұдан бөлек, ұңғымаларды қазуға бөлінетін субсидиялардың көлемін ұлғайту керек.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0