Қоғам

"Қазақстан аруы – 2021": қатысушылардың қайсысы байқауға қайта оралады

© Sputnik / Владислав ВодневКорона Мисс Казахстана
Корона Мисс Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан нұсқасы бойынша "Таланттар шоуы" номинациясының жеңімпазы анықталды  

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының нұсқасы бойынша "Таланттар шоуы" номинациясында өскемендік 19 жастағы Полина Филимонова жеңіске жетті. 

Бойжеткен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы" әнін қазақ тілінде шырқап, редакция таңдауымен жеңіске жетті. Осылайша Полина "Қазақстан аруы" жобасына қайта оралып, қараша айында өтетін финалдық іріктеуге қатысуға бірегей мүмкіндік алды.  

Қазір ол Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінде оқиды, ән айтуды, би билеуді, театр өнерін жақсы көреді.

"Көзімнің қарасы" әні – менің ең жақсы көретін әндерімнің бірі. Қазақстанда ұлы ақын Абай Құнанбаевтың бұл туындысын естімеген адам жоқ шығар деп ойлаймын. Тыңдап, шырқаудан жалықтырмайтын әуезді, әсерлі ән. Ал егер оны жан-тәніңмен орындасаң, жүректе ұзақ сақталады", - деді Полина Филимонова Sputnik Қазақстанға.

Қыздың айтуынша, ол мектепте қазақ тілін меңгеруден олимпиадалар мен жарыстарға белсене қатысқан.

© Photo : предоставлено пресс-службой конкурса "Мисс Казахстан"Полина Филимонова. Өскемен
Қазақстан аруы – 2021: қатысушылардың қайсысы байқауға қайта оралады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Полина Филимонова. Өскемен

"Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Индира Мақұлбекқызы Есімхановаға алғыс айтамын, өйткені ол менің қазақ тілін үйренудегі барлық талпынысыма қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді", - дейді "Қазақстан аруы" байқауының қатысушысы.

Енді жас ару "Қазақстан аруы – 2021" финалдық іріктеуінде өз өнерін көрсетеді. Ол финалистермен бірге кәсіби сахнаға шығып, танымал хореографтармен және режиссерлермен жұмыс істеуге бірегей мүмкіндік алды.

Биыл "Қазақстан аруы" жобасының тарихында алғаш рет облыстық турдан өте алмаған қыз "Таланттар шоуы" номинациясы арқылы финалдық іріктеуге автоматты түрде өтіп отыр.

"Қазақстан аруы" республикалық байқауының қазылар алқасы таңдаған бұл номинацияға Қазақстанның әр өңірінен барлығы он үміткердің шығармашылық нөмірі ұсынылды.

"Таланттар шоуының" жеңімпазын анықтау құқығы "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының ресми ақпараттық серіктесі – Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі мен радиосына берілді. "Таланттар шоуы" номинациясы маңызды кезең болып саналады, себебі ол қыздарға "Қазақстан аруы – 2021" атағын жеңіп алуға және "Әлем аруы-2021" халықаралық байқауында еліміздің атынан шығуға екінші мүмкіндік береді. 

Жаңалықтар
0