19:02 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
13210

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл екінші тоқсанда жұмыс күші 9,3 миллион адамды құраған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов елдегі еңбек нарығының жай-күйіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр 2020 жылмен салыстырғанда еңбек нарығы біртіндеп қалпына келіп жатқанын атап өтті. Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері оң қарқын көрсетуде.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл екінші тоқсанда жұмыс күші 9,3 миллион адамды құраған, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 73 мың адамға артты. Жұмыспен қамтылғандар қатарында қызмет көрсету саласының үлесі басым.

"Пандемия басталғаннан бері жұмыс берушінің бастамасымен уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 12,3 есеге кеміді. Ең бастысы жұмыссыздық деңгейі 4,9% көлемінде сақталды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 3,7% құрады", - деді Шәпкенов үкімет отырысында.

Айтуынша, биыл 1,2 миллион адамды жұмыспен қамту жоспарланған: 700 мың адам "Еңбек" мембағдарламасы, 42 мың адам "Жұмыспен қамту" жол картасы аясында, ал 440 мың адам үшін жаңа жұмыс орындарын құру көзделді.

Қазіргі уақытта осы үш бағыт бойынша 1 миллионға жуық адам қолдау шараларымен қамтылды, деді министр.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
жастар, жұмыссыздық
Загрузка...

Басты тақырып