16:48 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
15501

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер вице-министрден адамды бет-әлпетінен танитын бейнебақылау жүйесінің бар-жоғын сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов адамды бет-әлпетінен анықтайтын бейнекамералар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер адамды бет-әлпетінен танитын бейнебақылау жүйесінің бар-жоғын сұрады. Ішкі істер министрінің орынбасары ондай камералардың орнатылмағанын, бірақ қолдану мәселесі талқыланып жатқанын жеткізді.

"Қазіргі кезде ішкі істер органдары адамды бет-әлпетінен танитын бейнебақылау жүйесін қолданып жатқан жоқ. Биометриялық дербес деректер бойынша анықтау мәселесін талқылау жұмысы енді ғана басталды. Біз басқа елдердің тәжірибесін зерделеп отырамыз. Мәселен, Ұлыбритания, АҚШ, Оңстүстік Корея сияқты елдер осы бағытта белсенді жұмыс атқарып келеді. Негізгі мақсат – қылмыскерлерді аз уақыт ішінде ұстау", - дейді Сәрсенов.

Оның айтуынша, бүгінде әлем бойынша бейнебақылау жүйесінің талдау мүмкіндіктері жан-жақты енгізіліп жатыр. Соның ішінде адамды бет-әлпетінін тану және тағы басқа биометриялық функциялар бар. Алайда көп жағдайда камераларды сан алуан қылмыстарды ашу үшін қолданып жатады.

"Мәселен, қызыл түсті Toyota Camry көлігі іздеуге жарияланса, камера сондай түсі бар автомобильдерді тіркеп отыруға тиіс", - деп атап көрсетті Сәрсенов.

Тақырып бойынша

Ақтауда болған жол апаты камераға түсіп қалды
Сөзге емес, камераға сенеміз – бейне бақылау жасалатын Нұр-Сұлтандағы қар полигоны
Түркістан облысында қар барысы камераға түсіп қалды – видео
Маңғыстау өңірінде сирек кездесетін жануарлар камераға түсіп қалды – таңғажайып видео
Нұр-Сұлтанда 36 қоқыс контейнері өртеніп кетті – күдікті камераға түсіп қалған
Кілт сөздер:
адам, бет пішіні, бейнекамера, министрлік
Загрузка...

Басты тақырып