Қоғам

Нығматулин бір жарым жылда алғаш рет болған оқиға жайлы пікір білдірді

© Photo : пресс-служба мажилиса парламента РКНурлан Нигматулин
Нурлан Нигматулин - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
Бүгін мәжілісте "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы талқыланады. Отырысқа премьер-министр мен үкімет мүшелері қатысуда

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Парламент мәжілісінің жалпы отырысына БАҚ өкілдері бір жарым жылдан кейін алғаш рет оффлайн форматта қатысып отыр. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин бүгінгі отырыс ерекше екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Коронавирус пандемиясына байланысты журналистер парламент пен үкімет шараларына бір жарым жыл бойы онлайн қатысты. Елде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты БАҚ өкілдеріне парламентке кіруге рұқсат етілді.

"Бүгінгі отырысымыз ерекше деп айтуға болады. Өйткені бүгін маңызды заң жобасын талқылауға бізге үкімет мүшелері ғана емес, бұқаралық ақпарат өкілдері де келіп отыр. Бұл, әрине, жақсы жағдай. Біз үшін де, ақпарат өкілдері үшін де оффлайн жұмыс өте қажет және өте маңызды", - деді Нығматулин 20 қазан, сәрсенбі күні басталған мәжілістің жалпы отырысында.

Пандемияға байланысты журналистер қалыпты режимде жұмыс істей алмады, мәжіліс шараларына оффлайн қатыспады.

"Әрине, бір жарым жыл ішінде мәжіліс шаралары онлайн көрсетілді. Депутаттар мен журналистердің ынтымақтастығы үшін түрлі формат қолданылды. Бірақ мұның бәрі депутаттық корпустың БАҚ өкілдерімен тікелей өзара іс-қимылын алмастыра алмайды", - деді Нығматулин.

Спикер енді пленарлы отырыстан кейін журналистер өздерін мазалаған сұрақтарды депутаттар мен министрлерге, мемлекеттік орган басшыларына бетпе-бет қоя алатынын атап өтті.

"Мемлекеттік органдар басшылары мен депутаттардың диалогқа ашықтығы мен дайындығы қоғамдық сенімнің артуына септігін тигізеді деген ойдамын", - деді мәжіліс төрағасы.

Айта кетері, бүгін мәжілісте "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы талқыланады.

Отырысқа премьер-министр мен үкімет мүшелері қатысып отыр.

Жаңалықтар
0