Қоғам

Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады

© Sputnik / Тимур БатыршинСпасатели во время учений "Жер-2021"
Спасатели во время учений Жер-2021  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
​Мемлекет басшысы құтқарушылардың қызметі табиғи және техногендік апаттар дәуірінде маңызды екенін атап өтті

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

​Мемлекет басшысы құтқарушылардың қызметі табиғи және техногендік апаттар дәуірінде маңызды екенін атап өтті.

"Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Құтқару қызметі 1995 жылдың 19 қазанында құрылды. 2014 жылдан бастап құтқару қызметі төтенше жағдайлар комитеті түрінде ішкі істер министрлігінің құрамына кірді. Қызметтің 25 жылдық мерейтойына орай Қазақстан президенті жарлығымен 2020 жылы төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0