Қоғам

Димаш сыртқа шыға алмай қалды: Қытайда қызықты оқиға болды – видео

© Photo : Официальный новостной сайт Димаша КудайбергенаДимаш Кудайберген на "Новой волне"
Димаш Кудайберген на Новой волне - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2021
Жазылу
Димаш Қытайға телевизиялық реалити-шоудың түсіріліміне қатысу үшін барды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде танымал әнші Димаш Құдайберген мен оның фанаттары туралы қызықты видео таралып жатыр.

Қытайдың Уси қаласындағы қонақүйден шыққан музыкантты бір топ тыңдарманы күтіп алған – видеодан өнер сүйер қауым Димашты қаумалап, "Сәлем" деп айқайлап, телефондарына түсіргенін көруге болады.  

Бір кезде айналма есік адам нөпіріне төтеп бере алмай, сәл уақыт ашылмай қалады, бұл фанаттардың күлкісін келтірді. Димаш алдымен жанында тұрған бозбалаға жол беріп, кейін өзі шығады.    

"Рахмет", - деді Димаш көлікке отырмас бұрын.

Димаш Қытайдың Уси қаласына телешоудың түсіріліміне қатысу үшін барды. Жобада белгілі әншілер, актерлер, рэп орындаушылар, бишілерден топ құрып, бұл команданы финалға шығару қажет. Димаш бұған дейін жоба вокалдық конкурс емес екенін айтқан болатын.

Жаңалықтар
0