Қоғам

Желіде пойыз жүргізушісінің вакцинадан кейін құлап қалғаны туралы ақпарат тарады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтупойыз жүргізушінің кабинасы
пойыз жүргізушінің кабинасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында вакциналау нәтижесінде машинистің құлағаны туралы ақпарат жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде тәуекелі бар жұмыстарды орындайтын адамдарды екпе салдырмауға шақыратын хабарлама тарады.

Бұған мысал ретінде олар теміржол вокзалында жерге құлаған пойыз жүргізушісін келтіріп отыр. Видео авторының айтуынша, машинист COVID-19 қарсы вакцина алған.

Видеоның түпнұсқасы 9 қазанда BitChute видео хостингінде жарияланды. Портал зорлық-зомбылыққа, нәсілдік және діни негізде жеккөрушілікке шақырып, қастандық теорияларын таратуымен танымал. 

Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Хьюстонда болған. MetroHouston қалалық көлік қызметінің ресми сайтында да бұл туралы жазылмаған, деп хабарлады stopfake.kz

"Видеоның шығуына қатысты және кадрларда не болып жатқандығы туралы сенімді ақпарат жоқ. Роликтің авторы белгісіз. Оның үстіне, видеода пойыз жүргізушісінің құлаған сәті көрінбейді. Ол сүрініп кетті немесе вакцинамен байланысты емес аурумен ауыруы мүмкін деп пайымдауға болады", - деп жазды сайт.

Компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында да вакциналау нәтижесінде машинистің құлағаны туралы ақпарат жоқ.

Компанияның ресми сайтында COVID-19 жұқтырған қызметкерлер туралы хабарламалар ұдайы жаңартылып отырады. Соңғы ақпарат 7 қазанда жарияланған. Онда федералды заңға сәйкес, көлік компаниясының барлық қызметкерлері жолаушылар сияқты, бетперде тағуға тиіс делінген. Мәтінде қызметкерлерді міндетті түрде вакцинациялау туралы айтылмаған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0