Қоғам

Ешбір диетасыз: блогер бір айда арықтау құпиясын бөлісті – видео

© Photo : PixabayВесы
Весы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Ол жаттығуды орындау техникасын жақсарту үшін джампер спортшылардың видеосын көрді. Олардың арқасында секірген кезде өкше жерге тимеу керектігін білген

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан — Sputnik. Желіде диета, тез арықтау мен спортзалға қатысты ақпарат әлі күнге дейін ең көп ізделетін тақырыптар арасында. Канадалық YouTube-блогер күніне жарты сағат жіптен секірудің арқасында артық салмақтан арылу жолын айтты.

Ағайынды Кэм мен Брэндан Goal Guys YouTube-арнасында, негізінен, фитнеске қатысты мақсат қойып, іске асырғанын көрсетеді.

Бір күні Кэм Брэнданмен бәстесіп, 30 күннен соң секірме жіппен кім ұзақ уақыт секіре алатынын анықтамақ болды. Алдымен ер адам дене өлшемін қағазға жазып алды. Оның салмағы 68 келі болған, ал денедегі май көлемі -16,3%.

Кэм бір ай бойы күн сайын жіптен секіремін деп шешті. Амортизация болуы үшін жерге кілемше төсеген.

Алғашқы минутта секіру оңай болмады. Ол алда әлі 29 минут бар екенін білсе де, алған бетінен қайтпады.

Техникасын жақсарту үшін джампер спортшылардың видеосын көрді. Олардың арқасында секірген кезде өкше жерге тимеу керектігін білді. Тізені шамалы бүгіп, ал арқаны тік ұстау керек.

15 күннен соң кәсіпқойлар сынды секіре бастаған. Ал бір айдан кейін 4 минут бойы тоқтамай секірген Кэм ағасын жеңді. Брэндан тек 2 минутқа шыдады. 

Жаттығу нәтижесінде Кэм бір келіден астам салмақтан арылды. Алайда денесінің сапасы жақсарған, бүйірі мен қарны кетіп, қолының бұлшықеті әлдеқайда жақсы көрінді.

Блогер жаттығудан кейін денені созып, тартылуға кеңес береді. 

Жаңалықтар
0