Қоғам

Алматының үздік мұғаліміне пәтер берілді

© Photo : ПС акимата АлматыЛучшему учителю Алматы вручили квартиру
Лучшему учителю Алматы вручили квартиру - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
"Алматының жыл мұғалімі" байқауының жүлдегерлеріне пәтер, автокөлік пен ақшалай сыйақы берілді

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала педагогтері арасындағы байқау жеңімпаздары және мұғалімдерді қолдау мен кәсіби дамытуға бағытталған арнайы грант иегерлерімен кездесті. Сондай-ақ қалалық "Алматының жыл мұғалімі" байқауының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыстады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

© Photo : ПС акимата АлматыАлматы әкімі қаланың үздік ұстаздарымен кездесті
Алматының үздік мұғаліміне пәтер берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Алматы әкімі қаланың үздік ұстаздарымен кездесті

Қалалық "Алматының жыл мұғалімі" байқауының гран-при иегері – №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Амановқа Alma City жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер берілді. 1-орын алған №10 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Дарын Сайынов автокөлікке ие болды. 2 және 3-орын алған №96 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Раиса Цой және №92 мамандандырылған лицейдің химия пәнінің мұғалімі Суннатулла Каумбаев ақшалай сыйақы алды.

Сонымен қатар 10 үздік педагог, оның ішінде балабақша тәрбиешілері қала әкімінің грантын алды. Республикалық "Үздік педагог" байқауы қалалық турының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар берілді.

Мұғалімдерді қолдау шаралары

Алматыда мектепке жаңа келген жас мұғалімдер үшін үшінші жыл қатарынан бір реттік материалдық көмек көрсетіліп келеді. Биыл оны 33 миллион теңгеден астам сомаға 566 жас маман алады.

"Мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. "Алматы жастары 3.0" қалалық бағдарламасы бойынша өткен жылы білім беру саласының 307 қызметкері пәтер алды. Биыл 245 педагог жеңілдетілген кредитті пайдаланды", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Кездесу соңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық педагог пен тәлімгерлерге табыс тіледі.

Жаңалықтар
0