05:12 26 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.07
  • EUR494.14
  • RUB6.06
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады

АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан – Калининград және Алматы – Калининград бағыты бойынша ұшуға рұқсат берілді. Мұндай шешімді Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Енді әр бағытта аптасына 1 рейс орындалады.

2021 жылдың 4 қарашасынан бастап Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы Boeing-737 әуе кемесінде тұрақты рейстерді жүзеге асырады. Нұр-Сұлтан – Калининград бағытында сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытында бейсенбі күндері ұшады.

Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.

Айта кетері, Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы 2008 жылы құрылған. Ұшақ паркі Boeing-737, Boeing-777, Airbus A330 және Airbus A321 үлгісіндегі 33 әуе кемесінен тұрады. Негізгі әуежайы – Шереметьево. Ұшу географиясы – 200-ден астам бағыт, әлемнің 20 елінде 95 қаладан ұшады.

"Северный ветер" әуе компаниясы жолаушылар айналымы бойынша Ресейдің ТОП-7 әуе компаниясы қатарына кіреді.

Оқи отырыңыз: 

"Өртенді, өртеніп жатырмыз" Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео

"Абыр-сабыр басталып кетті": Стюардесса қалың ұйқыдағы жолаушыларды оятты

Әуеде бүйірлеп қалған ұшақты қондырған ұшқыштар елді тәнті етті – видео

Тақырып бойынша

"Қара, жанып жатыр!": Мәскеу түбінде құлаған ұшақтың видеосы тарады
Найзағай соққан ұшақта түсірілген қорқынышты видео жарияланды
Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған ұшақта жолаушы көз жұмды
Президенттің жеке дәрігері ұшақта қазақстандық нәрестені аман алып қалды
Ұшақтағы жанжал: Анталия – Нұр-Сұлтан рейсі не үшін тоқтатылды
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, Алматы, рейстер
Загрузка...

Басты тақырып