Қоғам

Тоқаев Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

© AFP 2024 / RUSSIAN EMERGENCY MINISTRYСамолет L-410 потерпел крушение в Татарстане
Самолет L-410 потерпел крушение в Татарстане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Татарстанда 16 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатынан қаза болғандарды аза тұту күні жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Татарстанда 11 қазан ұшақ апатынан қаза болғандарды аза тұту күні деп жарияланды.

Татарстандағы ұшақ апаты

10 қазанда Татарстанда  ұшақ құлады. L-410 ұшағының бортында 22 жолаушы болған. 16 адам көз жұмып, алтауы ауыр жарақат алды.

Татарстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында Татарстанның тоғыз, Башқұртстанның төрт, Удмуртияның екі және Челябі облысының бір тұрғыны бар.

Алдын ала мәлімет бойынша Мензелинск түбінде L-410 ұшағының құлауына қозғалтқыштардың бірінің істен шығуы себеп болған.

Оқи отырыңыз: Ұшақ жүріп бара жатқан автокөліктің үстіне құлады – жантүршігерлік видео 

Жаңалықтар
0