Қоғам

Қызметтен қуылған полицей басшы болды ма? Қоғам белсендісі істі тексеруді ұсынды

© Photo : КУИС МВД РКІшкі істер министрлігі қызметкері
Ішкі істер министрлігі қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан осы жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін ішкі істер министрлігіне хабарласты. Алайда ведомстводағылар ресми сауал жолдауды талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының бұрынғы полиция басшысы елорданың полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасына басшы болып тағайындалды. Алайда оны генерал Марат Қожаев (ішкі істер министрінің орынбасары) ішімдікпен байланысты оқиға үшін қызметтен босатқан еді, деп жазды Facebook-те қоғам белсендісі Дидар Смағұлов.

Ол өз жазбасын жас полиция қызеткерлерінің жасырын шағымы мен олар келтірген фактілерге негіздеген.

"Достар, ішкі істер органдары тағы қандай әрекетпен таңғалдырады деп ойлайтынмын. Мына жағдай астанада, ел басшысына қол созым жерде болып отыр. Кеше желіде жас қызметкерлердің нақты дәйектер келтірілген кезекті жасырын шағымы пайда болды! ІІМ-де әдеттегідей "бұл мәлімет расталмады" деген шаблонды жауап дайын екеніне сенімдімін", - деп жазды ол.

Смағұлов үндеуде келтірілген фактілерді анықтау үшін өз кандидатурасын ұсынып, бүгін ішкі істер министрлігіне хат жолдауға уәде етті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізуде тәжірибем бар, қоғамдық ұйым жетекшісімін, БАҚ-пен тұрақты байланыстамын және ең бастысы – беделім бар. Сондықтан ешқандай күмән болмауы керек", - деп жазды қоғам белсендісі.

Осы шулы оқиғаға қатысты жазба БАҚ-та 7 қазанда пайда болғанымен, Нұр-Сұлтан полиция департаменті де, ішкі істер министрлігі де әзірше ешқандай жауап ұсынбады.

Sputnik Қазақстан тиісті жауап алу үшін ішкі істер министрлігіне сауал жолдады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0