Қоғам

Министр елордалық үш полицейге алғыс айтты - видео

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
Төтенше жағдайларда полиция қызметкерлері бірнеше секунд ішінде жауапты шешім қабылдауға мәжбүр, деді Тұрғымбаев

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігінде жүкті әйелді суицидтен құтқарған Нұр-Сұлтан қаласының полицейлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев патрульдік полиция полкі взводының командирі Алмаз Құлтановқа, полк қызметінің инспекторлары Асылхан Нұрмұхамбетов пен Нұрсұлтан Сариевке жедел әрі үйлесімді іс-әрекеттері үшін жеке алғысын білдіріп, "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапаттады.

"Күн сайын бүкіл ел бойынша мыңдаған полиция қызметкері азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін қызмет атқарады. Оларды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғайды және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектеседі. Біздің қатарымызға кірген әрбір адам полиция қызметі жанқиярлықты, батылдықты және адамдар үшін өмір мен денсаулығын қатерге тігуге дайын болуды талап ететінін түсінеді", – деді министр.

Ол өз сөзінде осындай төтенше жағдайларда полиция қызметкерлері бірнеше секунд ішінде жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр екенін, сол шешім адам тағыдырына әсер ететінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қазанда Нұр-Сұлтанда полицейлер көпірден өзенге секірген жүкті әйелді құтқарып қалды

Елорда полицейі, полиция капитаны Алмаз Құлтанов "Рамстор" сауда үйі аумағындағы "Есіл" өзені көпірінде оғаш қимыл жасаған қызды байқаған. Ол жүріп бара жатып киімдерін шешіп, көпірден секірмекші болған. 

Құлтанов бұл туралы дереу жедел басқару орталығының кезекшісіне хабарлап, қайғылы жағдайдың алдын алу үшін көпірге қарай жүрген. Бірақ осы кезде әйел мұздай суға секіріп үлгерген.

Құлтанов бір секунд ойланбастан оның артынан суға секірді. Тәртіп сақшысы әйелдің киімінен ұстап, жағаға қарай беттеді. 

Осы кезде полиция аға лейтенанты Асылхан Нұрмұхамбетов құтқару белдемшесін лақтырған, ал полиция лейтенанты Нұрсұлтан Сариев әріптесіне көмектесу үшін жағалау жақтан суға түскен.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0