Қоғам

Әлеуметтік желілердің істен шығуы адамға несімен пайдалы

© Public DomainТелефон, соцсети, иллюстративное изображение
Телефон, соцсети, иллюстративное изображение - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2021
Жазылу
Дүйсенбіде Facebook, Instagram және WhatsApp желісінде ақау болды. Барлығы бір уақытта істен шықты. Содан кейін пайдаланушылар Telegram, Twitter, Google және TikTok сияқты басқа қызметтердің жұмысындағы ақау туралы хабарлай бастады

АЛМАТЫ, 5 қазан – Sputnik. Facebook, Instagram және WhatsApp желісіндегі ақау адамның интернетке тәуелді екенін түсінуіне көмектеседі. Бұл осы мәселені шешудің алғашқы қадамы. РИА Новостиге психолог, жазушы және тележүргізуші Михаил Хорс осылай деді.

Дүйсенбіде Facebook, Instagram және WhatsApp желісінде ақау болды. Барлығы бір уақытта істен шықты. Содан кейін пайдаланушылар Telegram, Twitter, Google және TikTok сияқты басқа қызметтердің жұмысындағы ақау туралы хабарлай бастады.

"Үнемі желіде не болып жатқанын бақылап отыратын адам мұндай жағдайда не істерін білмей қалуы мүмкін. Алайда бұл жағдай оларға қатты ауыр соқпайды", - деді Хорс.

Ол мұндай жағдай адамға пайдалы болуы да мүмкін. Себебі бұл әлеуметтік желіге тәуелділік бар екенін түсінуге көмектеседі. Өйткені тәуелді адамдар көп жағдайда оны мойындамайды.

Сонымен қатар басқаларға хабарласып, қамқорлық танытуға бейім адамдарда мазасыздық болуы мүмкін. Себебі олар жақын адамдарымен желі арқылы тез хабарласып үйренген. Ал кеше болған желідегі ақау мұндай жағдайдың кез келген уақытта болуы мүмкін екенін түсінуге көмектесті, дейді Хорс.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0