Қоғам

Биыл жаңа жылдық корпоратив өткізуге рұқсат беріле ме - министрдің жауабы

CC0 / Free-Photos / Алкоголь
Алкоголь - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Цойдың айтуынша, министрліктің міндеті біртіндеп экономика мен әлеуметтік қатынасты жандандыру

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл жаңа жылдық корпоратив өткізуге рұқсат беріле ме деген сұраққа жауап берді.

"Қазіргі күні шектеулер аймақтарға байланысты енгізілген. Иә, "жасыл" статусы бар келушілер үшін мекемелерді ашуға, шаралар өткізуге рұқсат етілді", - деді ол Азаттық рухы журналисіне берген сұхбатта.

Оның айтуынша, министрліктің міндеті біртіндеп экономика мен әлеуметтік қатынасты жандандыру.

Сонымен қатар ол жаңа жылдық корпоративті ұйымдастыру мәселесіне тоқталды.

"Иә, әрине теориялық тұрғыдан алсақ, жаңа жылдық кештерді ұйымдастыруға рұқсат етілген. Өйткені қазіргі күні 50 адамға дейін қатысатын шаралар ұйымдастыруға болады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0