Қоғам

Түрмеден босаған Арон Атабектің отбасы үндеу жариялады

© Photo : СС0 / truthseeker08науқастың қолы
науқастың қолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Жазылу
Жағдайының өте ауыр болуына байланысты қазір оған тыныштық керек, дейді Айдана Айдархан

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Түрмеден босап шыққан Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан үндеу жариялап, әкесінің денсаулық жағдайына байланысты журналистер мен ақынның өміріне алаңдаған өзге жанашырларды біраз уақыт мазаламауды сұрады.

"Әкеме өзіне келуге мүмкіндік беріңіздер. Жағдайының өте ауыр болуына байланысты қазір оған тыныштық керек. Аронды үйге келіп, сұхбат бер деп мазаламауларыңызды өтінемін. Оның үстіне коронавирус пандемиясы кезінде. Кейбір журналистер мен блогерлер сұхбат алғысы келеді. Оны Арон қалпына келгенше кейінге қалдыруға болатын шығар", - делінген үндеуде.

Естеріңізге сала кетейік, "Шаңырақ ісі" бойынша 18 жылға сотталған Арон Атабектің жазасы денсаулық жағдайына байланысты жеңілдетілді.

Сотталушының бірнеше ауруға шалдыққаны құжатпен дәлелденді. Арон Едігеевтің мойындағы омыртқаарлық дискінің зақымдануы (миелопатия) және жұлынның дегенеративті - демиелинизирлі ауруына шалдыққаны анықталды. Бұл диагноздар ішкі істер министрінің №530 бұйрығы бойынша жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізіміне кіреді. 

Оның бас бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзімге пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуге ауыстырылды

"Шаңырақты" шайқалтқан оқиға

2006 жылы жазда Алматыда болған "Шаңырақ оқиғасына" биыл он бес жыл.

Сол жылы "Шаңырақ" ықшам ауданында полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс болды. Жергілікті тұрғындар "жерді заңсыз басып алдыңдар" деп үйлерін сүруге келген полицияға қарсылық көрсетті. Қақтығыс кезінде 24 жастағы полицей Әсет Бейсеновтің үстіне бензин құйып, тірідей өртеп жіберді.

Қанды оқиғадан кейін 25 адамға "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып тағылды. Олардың төртеуі ұзақ жылдарға сотталып кетті.

Арон Атабек – 18 жылға, Құрманғазы Өтегенов – 16 жылға, Ерғанат Тараншиев – 15 жылға, Рүстем Тұяқов – 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Соңғы екеуі 2018 жылы мерзімінен бұрын босап шықты.

Ал Атабек пен Өтегенов – әлі темір торда.  2013 жылы түрме әкімшілігінің "заңды талабына бағынбады" деген айыппен Өтегеновтің жазасына тағы екі жарым жыл қосылды.

Арон Атабек – ақын әрі диссидент. 2014 жылдың сәуірінен Павлодарда жазасын өтеді. Атабек бұл жерге Қарағанды облысы Қаражал қаласындағы колониядан этаппен жіберілген. Оны екі рет Қостанай облысы Арқалық қаласындағы "жабық" түрмеге салып жазалаған.

Биыл 31 қаңтарда Арон Атабек 68 жасқа толды. Ақтөбеде азаматтық белсенділер ақынның туған күнінде наразылық акциясын өткізіп, биліктен оны босатуды талап етті.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстанда саяси репрессия жоқ – үкімет басшысының орынбасары

"Шаңырақ оқиғасы": ІІМ түрмедегі Арон Атабектің денсаулығы туралы айтты

 

Жаңалықтар
0