Қоғам

Қар аралас жаңбыр: синоптиктер қазан айының басында ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинҚар аралас жаңбыр, архивтегі сурет
Қар аралас жаңбыр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Алдағы үш күнде республика өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 30 қыркүйек, 1, 2 қазан күндеріндегі ауа райына болжам жасады.

Елдің батысы Мәскеу аудандарынан ығысатын солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Оған қоса, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман болжанып отыр.

1 қазаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының батыстан шығысқа ығысуына қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы одан әрі төмендейді: түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы.

Республиканың солтүстік-батысында түнде сынап бағанасы 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус жылы болады.

Ал оңтүстік өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градус жылы.

Оқи отырыңыз: Маман климат ауыстыру ағзаға қалай әсер ететінін айтты

Тек елдің батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде 3 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 10-15 градустан 13-18 градусқа дейін жылы.

30 қыркүйекте мегаполистерде ауа райы қандай болады

  • Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Түнде +3 градус, күндіз +3 градус.
  • Алматыда күн ашық, түнде +14 градус, +23 градус жылы.
  • Шымкентте күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Түнде +13 градус, күндіз +21 градус жылы.
Жаңалықтар
0