Қоғам

Диетолог бас ауруынан құтылудың ең оңай жолын бөлісті

© Sputnik / Абзал КалиевВывеска аптеки
Вывеска аптеки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Бас ауруы сирек мазалауы үшін мәзірде омега-3 болуға тиіс. Ол балық майы, сардин, анчоус, албырт, алабалық сынды балықтан алынады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Кейбір өнімдер бас сақинасынан құтылуға көмектеседі. Бұл туралы Eat This, Not That! басылымына диетолог Кэтрин Брукинг айтты.

Оның сөзінше, бас ауруы сирек мазалауы үшін мәзірде омега-3 болуға тиіс. Ол балық майы, сардин, анчоус, албырт, тунец, алабалық сынды балықтан алынады. 

"Тиімділігі байқалсын десеңіз, балықты аптасына кем дегенде 2-3 рет жеу керек", - дейді диетолог.

Сондай-ақ балықты алмастыратын ұсақталған зығыр тұқымы мен чианы қолдануға болады. Оларда омега-3 албырт балығынан көп.

Диетолог оларды салат, смузи немесе джемге қосуға кеңес берді.

Бас сақинасынан арылуға грек жаңғағы да көмектеседі. Оның құрамында омега-3 қана емес, аурудың күші мен жиілігін азайтатын магний де бар.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0