Қоғам

"Барлығы той өткізе алады деген сөз емес": Тоғжанов үкіметтің шешімін түсіндірді

CC0 / pixabay.com/takedahrs / Фуа-гра на тарелке, иллюстративное фото
Фуа-гра на тарелке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Вице-премьердің айтуынша, санитарлық талаптарға сай келмейтін тойларды анықтау шаралары жалғаса береді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек –  Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, вице-премьер Ералы Тоғжанов тойға не себепті рұқсат берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мәселе той мен банкетке рұқсат беруде емес. Негізгі мақсатымыз – шағын және орта бизнесті қолдау. Ал рұқсат беріліп тұрса, жалпы Қазақстан бойынша барлығы той өткізе алады деген сөз емес. Коронавирусты бақылау міндеті алынып тасталған жоқ. Сондықтан осы мәселе үнемі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қаралады", - деді Тоғжанов үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, апта сайын санитарлық-эпидемиологиялық жағдай зерделенеді, санитарлық талаптарға сай келмейтін тойларды анықтау шаралары жалғаса береді.  

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырған адамдардың көбейіп жатқанын ерекше атап өтті. Соның арқасында ұжымдық иммунитет күшейіп келеді. 

"Біз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанын байқап отырмыз. Мәселен, R коэффиценті (вирустың бір адамнан таралу көрсеткіші) ұзақ уақыт бойы 1-ден төмен болып тұр. Сосын кәсіпкерлердің қолдауы да әсер етті. Ұжымды вакциналау талабы енгізілді. Оны да орындап жатыр. Ал тойға тек "жасыл" мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады. Ashyq-пен кіру керек", - дейді Цой.

Осы орайда министр әрбір эпидемиологиялық аймақта тойға кіре алатын адамдардың санын да еске салды. "Жасыл аймақта" әрі кетсе, 100 адам, "сары" аймақта – 70, ал "қызыл" аймақта максимум 50 адам тойға жинала алады. Жалпы банкет залының сыйымдылығын 50 проценттен асырмау қажет.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0