Қоғам

Алматы полициясы қаза тапқан учаскелік инспекторлар туралы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинОцепление места массового убийства, где алматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя
Оцепление места массового убийства, где алматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Артында бес баласы қалған майор Дархан Сүлеевтің кенжесі әлі бір жасқа да толмаған. Ал полиция капитаны Нұрбол Байғазиевтің артында екі баласы қалды

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. 20 қыркүйек күні кешке Алматының Алатау ауданында кісі қолынан қаза тапқан учаскелік полиция инспекторлары капитан Нұрбол Байғазиев пен майор Дархан Сүлеевтің заңгер мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Екеуі де бұған дейін қалада полиция департаментінің түрлі бөлімшесінде қызмет еткен.

Алматы полициясының хабарлауынша, 39 жастағы майор Дархан Сүлеев құқық қорғау органдарында 18 жыл қызмет еткен.

© Sputnik / Александр Мироглов39 жастағы майор Дархан Сүлеев құқық қорғау органдарында 18 жыл қызмет еткен
Алматы полициясы қаза тапқан учаскелік инспекторлар туралы айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
39 жастағы майор Дархан Сүлеев құқық қорғау органдарында 18 жыл қызмет еткен

1982 жылы 4 қаңтарда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Полиция қызметінде 2003 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

Қазақстан ІІМ Тараздағы училищесінің курс бастығының орынбасары, кейін сол училищенің маман-инспекторы болып жұмыс істеді. 2004-2006 жылдары Алматы қаласы Әуезов АІІБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болды. 2006 жылдан 2008 жылға дейін сол АІІБ учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Содан кейін жыл бойы белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін қабылдау-бөлу орнының кезекші бөлімінің инспекторы болған.

2009 жылдың маусымынан 2012 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Келесі бес жарым жылда Алматы қаласы ІІД ұйымдасқан қылмыстық әрекетті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі болған.

2017-2019 жылдары аса қауіпті қылмыспен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі болды. 2019 жылдан 2020 жылға дейін Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының қарақшылықты ашу және қылмыстық топтарды әшкерелеу бөлімінің жедел уәкілі қызметін атқарды.

2020 жылдан 2021 жылға дейін Алматы қаласы ІІД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, ІІМ Есболатов атындағы Алматы академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің магистранты болған.

Алматы полиция департаменті Алатау ауданының учаскелік полиция инспекторы болып осы жылдың тамызынан бастап жұмыс істеді.

Ішкі істер органдарында қызмет еткен жылдар ішінде алты рет көтермеленген, оның ішінде ІІІ дәрежелі "Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалімен, сондай-ақ "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгісімен марапатталған.

Үйленген, кәмелетке толмаған бес баласы бар, ең кішісі әлі бір жасқа толмаған.

Ал 33 жастағы полиция капитаны Нұрбол Байғазиев құқық қорғау органдарында жеті жыл қызмет етті.

© Sputnik/Александр Мироглов33 жастағы полиция капитаны Нұрбол Байғазиев құқық қорғау органдарында жеті жыл қызмет етті
Алматы полициясы қаза тапқан учаскелік инспекторлар туралы айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
33 жастағы полиция капитаны Нұрбол Байғазиев құқық қорғау органдарында жеті жыл қызмет етті

1988 жылы 27 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Алматы экономика және құқық колледжін, 2021 жылы ІІМ Есболатов атындағы Алматы академиясын бітірген. Білімі бойынша – заңгер.

2014 жылдан 2020 жылға дейін Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің бөлімшелерінде инспектор және взвод командирінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді. 2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Алматы ПД Алатау ауданы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болды. Осы жылдың шілдесінде сол ауданның учаскелік инспекторы лауазымына тағайындалды.

Құқық қорғау органдарында қызмет еткен кезінде он үш мәрте көтермеленген. "Үздік құтқарушы жауынгер", сондай-ақ "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгілерімен марапатталған.

Үйленген, екі кәмелетке толмаған баласы бар.

20 қыркүйек кешке Алматының Алатау ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан бес адам – екі полиция қызметкері, жеке сот орындаушысы, дау шыққан үйдің жаңа иесі мен оның танысы оққа ұшты.

1967 жылы туған ер адам полиция қызметкерлеріне, сот шешімін орындауға келген сот орындаушысына және олармен бірге барған адамдарға оқ жаудырды. Бесеуі де сол жерде қайтыс болды.

Алматы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Үйдің айналасы әлі де қоршауда тұр.

Жаңалықтар
0