10:43 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
81 0 0

Өңірге келген 53 адамның 25-і бала, барлығы 20 отбасы атамекенге оралды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. 53 қандасымыз мінген Иран ұшағы Ақтау әуежайына келіп қонды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

В Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран
Маңғыстау облысына Ираннан 53 қандас келді

"Иран Ислам Республикасының Горган қаласынан 53 адам Қазақстанға қоныс аударды. Олар Ақтау қаласында 2-3 күн аялдап, құжаттарын реттейді. Жатақханаға орналастырамыз. Құжаттарын реттеу жұмыстары аяқталғаннан соң Нұр-Сұлтан қаласына аттанады. Кейін көші-қон бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныстанады", - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов.

Айта кетейік, өңірге келген 53 адамның 25-і бала, барлығы 20 отбасы атамекенге оралды.

Тарихи Отанына келгендердің бірі – Хадиша Адай. Атамекенді аңсап, егемен еліне келген ол қуанышын бөлісіп, жылы лебіз білдірді.

"Мен Түрікменстанда тудым. Дегенмен жұмыс бабы бойынша Божнурд қаласында 22 жыл тұрдым. Туған әпкем, қызым, туыстарыммен бірге атамекенге келіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Барлығы да жат адамдар емес ағайындар. Ыстық ықыласпен қабылдағандарыңызға өте ризамыз", - деді Хадиша Адай.

В Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран
Барлығы 20 отбасы атамекенге оралды

Бұл көшті Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Ирандағы елшілігі мен "Отандастар Қоры" КЕАҚ ұйымдастырды.

Загрузка...

Басты тақырып