Қоғам

Қандастар мен қоныс аударушылар квотасына өзгеріс енгізіледі

© SputnikАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарының ұсыныстарына сәйкес, жергілікті бюджет есебінен қоныс аударушылар үшін квоталар ұлғайтылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда қоныс аударушылардың өңірлік квотасын ұлғайту жоспарланып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасына өзгеріс енгізетін бұйрық әзірледі.

"Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударушылар санының ұлғаюына, сондай-ақ Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында өңірлік квота алуға өтініш беру процесінің төмендеуіне байланысты қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының көрсеткіштеріне сандық өзгерістер енгізіледі", - делінген құжатта.

Осыған байланысты Қостанай облысының қандастарына арналған 350 квотаның 180-і қоныс аударушыларға беріледі. Сондай-ақ, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарының ұсыныстарына сәйкес, жергілікті бюджет есебінен қоныс аударушылар үшін квоталар тиісінше 135 және 596 бірлікке ұлғайтылады.

Осылайша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының саны – 1246 адам, ал қоныс аударушылардың өңірлік квотасы 6940 адам болып белгіленді.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында 29 қыркүйекке дейін талқыланады.

Бұған дейін 2021 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – 1 426 адам, ал қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 6 039 адам болған еді.

Тағы оқыңыз: Ауғанстаннан оралған қандастар қайда орналасады - министрлік жауабы

Жаңалықтар
0