Қоғам

Қазақстан 2022 жылы ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларын өткізеді

© Photo : Официальный сайт ОДКБ Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Оқу-жаттығу кезінде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдері пысықталады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрі Мұрат Бектанов Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің, қорғаныс министрлері кеңесінің және қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты.

Қатысушылар ұйым қызметінің басым бағыттарын, ҰҚШҰ-ға кіретін өңірлерде қалыптасып жатқан әскери-саяси ахуалды талқылады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Еліміздің Қарулы күштерінде 2022 жылы жедел ден қою ұжымдық күштерінің бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және оларды өткізу бойынша жұмыс басталды. Бұл ретте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдері пысықталмақ. Соңғы кездегі қарулы қақтығыстар тәжірибесінен алынған сабақтар оқу-жаттығу сценарийлерінде ескерілуге тиіс", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Тоқаев пен Путин Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша министрлер ұйымның қызметіне қатысты бірқатар құжатқа қол қойды.

Айта кетері, ҰҚШҰ қатысушылары – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.

Жаңалықтар
0