07:08 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
48 0 0

Желі қолданушылары тегін тамақ болғаннан кейін сапасына мән бермейді деп топшылап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Павлодардағы монтаж колледжінің асханасында түсірілген видеосы фейк болып шықты. Оны таратқан студент жігіт "қатып қалған тамақты" қайдан алғанын айтты, деп хабарлайды "Астана TV" арнасы.

Айта кетері, видео авторы тәрелкеге салынған тамақты көрсетеді. Одан кейін оны төңкеріп көреді. Бірақ ішіндегі тамақ түспейді.

"Бұл муляж емес, кәдімгідей тамақ", – дейді ол.

Студенттердің сөзіне қарағанда, күнделікті тамақ осы. Ал колледжге тексеріс келгенде бұдан дәмді тамақ жасайды, тіпті, салат та салып береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВСЕ обо ВСЕМ в Павлодаре (@vseobovsem_pvl)

Павлодар қаласының тұрғындары тамақтың сапасын сынға алды. Желі қолданушылары тегін тамақ болғаннан кейін сапасына мән бермейді деп топшылап отыр.

Осы колледже оқитын бір студент қыз да пікір қалдырды. Оның айтуынша, білім беру мекемесінде жақсы тамақ беріп отырады.

Ал колледж басшылығы осы уақытқа дейін студенттер тарапынан тамақтың сапасына қатысты арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.

Жақында видео авторы табылды. Ол мәселенің мән-жайын түсінді. Жас жігіттің айтуынша, үстелдің үстінде ботқа біршама уақыт тұрып қалған. Соны жинап жатқанда тамақтың қатып қалғанын байқапты. Осыдан кейін студент видео түсіруге шешім қабылдаған.

"Адамдар менің сөзімді бұрмалады. "Бұл муляж емес, кәдімгідей тамақ" деген жерін алды да, әлеуметтік желіде таратып жіберген. Бұның бәрі әзіл үшін айтылған. Жұрт дұрыс түсінбей, басқа жаққа бұрып әкетті", - дейді I курс студенті Еркебұлан Байсалов.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған студенттерге сыйлық беретін университет көбейді

Тақырып бойынша

"Еліме қайтқым келмейді": Қазақстандағы ауған студент жанайқайын жеткізді
Қазақстанда 3,5 мыңға жуық студент оқыған университет жабылды
Солтүстік Қазақстанда селфи жасамақ болған оқытушы мен студент ажал құшты
Бетон маңдайша құлады: Ақмола облысында студент көз жұмды
Кілт сөздер:
Павлодар, тамақ, студент
Загрузка...

Басты тақырып