07:12 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
37 0 0

Мемлекет басшысы суретші Шарлотта Джонсон Уолл өзінің тамаша туындыларымен заманауи өнердің дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонға анасы Шарлотта Джонсон Уоллдың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қазақстан халқының және жеке өз атынан премьер мен оның отбасына орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты.

"Миссис Джонсон Уолл аса көрнекті тұлға болатын. Ол өзінің тамаша туындыларымен Біріккен патшалықта және одан тыс жерлерде заманауи өнердің дамуына, ілгерілеуіне елеулі үлес қосты. Аяулы анаңыз жайлы жақсы естеліктер оны білетін адамдардың жүрегінде және жадында сақталатынына сенімдімін", – делінген жеделхатта. 

Ұлыбритания премьер-министрінің анасы, белгілі суретші Шарлотта Джонсон Уолл 79 жасында Лондондағы ауруханалардың бірінде қайтыс болды.

Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, көңіл айту
Загрузка...

Басты тақырып