Қоғам

Тоғжанов мектепте орын тапшылығы проблемасын қалай шешуге болатынын айтты

© Sputnik / Абзал Калиев Казахстанские школьники
 Казахстанские школьники - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Вице-премьер орын тапшылығы проблемасын жедел шешу үшін жылдам тұрғызылатын аз шығынды модульдік мектептер салу керек деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес бүгінде республикада жалпы контингенті 250 мың баланы құрайтын 147 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Олардың ең көп саны Алматы (50), Маңғыстау (16) облыстарында, Шымкент қаласында (14) орналасқан.

"Вице-премьер үш ауысымды оқыту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын жедел шешудің маңыздылығын атап өтті. Ол үшін оңтайлы шешім – жылдам тұрғызылатын аз шығынды модульдік мектептер салу", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау саласында жоғары білікті кадрлар тапшылығы, ауруханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру проблемалары өзекті күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қолдау шараларымен төмен қамтылуы Түркістан облысында 7%, Ақтөбе облысында 12%, Алматы облысында 13% және Павлодар облысында 18% құрайды.

Тоғжанов медицина кадрларын даярлауға гранттар санын көбейтуді, барлық жас маманды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етуді, оған қосымша қажеттілікті анықтау үшін медициналық жабдықтарға егжей-тегжейлі инвентаризация жүргізуді тапсырды.

Бұқаралық спорт саласында балаларды мемлекеттік спорттық тапсырыспен қамтудың ең төмен көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қостанай облыстарында байқалды. Премьер-министрдің орынбасары халықты, бірінші кезекте балаларды бұқаралық спортпен қамтуды ұлғайтуға, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін, мәдениет объектілерін салуға, кітапханалар мен мұрағаттар жұмысын жаңғыртуға ерекше күш салу керектігін атап өтті.

Жаңалықтар
0