Қоғам

Маман туыстардың нөмірінен алаяқтар қалай телефон шалуы мүмкін екенін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Алаяқтар Caller ID арқылы туыстардың нөмірінен қоңырау шалып, ақша сұрауы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. "ИТ-Резерв" компаниясының серіктесі әрі директоры Павел Мясоедов алаяқтар телефонға келген қоңырау кезінде нөмірді лезде ауыстыруды үйренгенін айтты, деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.

Алаяқтар банктердің ресми телефонынан қоңырау шалатынына етіміз әбден үйренді. Алайда қазір олар адамдарды алдаудың жаңа әдісін ойлап тапты.

Енді қаскөйлер сіздің жеке нөміріңізден туысқандарыңызға хабарласып, тіпті deep fake технологиясының көмегімен сіздің даусыңызды пайдалануы мүмкін, деді сарапшы.

"Осылайша алаяқтарға жақындарыңыздан материалдық көмек сұрау немесе заңға қайшы әрекеттерге итермелеу әлдеқайда оңайға соғады", - деді Мясоедов.

Тағы оқыңыз: Телефон қасыңызда тұрғанда не жайлы сөйлесуге болмайды

Маманның айтуынша, технологиялық тұрғыдан телефон нөмірін ауыстыру қиын емес. Ұялы байланыс бойынша қоңыраудың ерекше идентификаторы ауыстырылады. Ол Caller ID деп аталады.

Жаңалықтар
0