Қоғам

Мамин жаңа энергетика министрін таныстырды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Премьер-министр Аскар Мамин представил нового министра энергетики Магзума Мирзагалиева
Премьер-министр Аскар Мамин представил нового министра энергетики Магзума Мирзагалиева  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Жаңартылатын энергетика мен мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет, деді Мамин

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин энергетика министрлігінің ұжымына жаңа басшы Мағзұм Мырзағалиевті таныстырды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Премьер-министр Мырзағалиевтің энергетика саласында бай тәжірибесі бар екенін атап өтті.

"Оның тәжірибесі мен білімі мол. Мемлекет басшысы министрліктің алдына саланы одан әрі дамыту бойынша үлкен міндеттер қойды. Өңірлерді газбен қамтамасыз ету, мұнай химиясы және мұнай өңдеу саласындағы ірі жобаларды іске асыру, цифрлық технологияларды енгізу, жаңартылатын энергетика мен мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет", - деді Мамин.

Оқи отырыңыз: Тоқаев энергетика министрін тағайындады

Айта кетері, Мағзұм Мырзағалиев бұрғылау инженерінен бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, энергетика вице-министрі лауазымына дейін еңбек жолынан өтті. 2019 жылғы маусымнан бастап экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0