Қоғам

Назарбаев туралы фильм түсірген шетелдік продюсер елде коронавирус жұқтырды

© Photo : presidentlibrary.kzРежиссер Оливер Стоун Қазақстанға келді
Режиссер Оливер Стоун Қазақстанға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Деректі фильм 19 ай бойы еліміздің түкпір-түкпірінде түсірілген

АЛМАТЫ, 7 қыркүйек – Sputnik. Америкалық кинорежиссер Оливер Стоунның Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмінің қорытынды түсірілімі "Оқжетпес" шипажайында өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Qazaq history of the golden man" – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм. Бұған дейін Оливер Стоун фильмнің ұзақтығы 8 сағат екенін жазды.

Фильмнің продюсері – Оливер Стоун, картинаның режиссері – Игорь Лопатенок, сонымен қатар продюсерлер Вера Томилова мен Игорь Кобзев.

Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, фильм продюсері түсірілім кезінде Covid-19 инфекциясымен ауырып, "Оқжетпес" шипажайының оңалту бөліміне түскен.

Сауықтыру емі кезінде ол шипажайдың қалыптасу тарихын, емдеу факторларын зерттеп, "Оқжетпес" туралы серияны толықтырған.

Айта кетері, деректі фильм 19 ай бойы еліміздің түкпір-түкпірінде түсірілген. Соның бірі – Бурабайдағы "Оқжетпес" сауықтыру кешені.

Оливер Стоун шілденің басында фильм трейлерін жариялады. Ол жерде Қазақстанның тұңғыш президентімен сұхбаттан үзінді көрсетілген.

"Ол жайлы не айтсаңыз да өз еркіңіз, алайда фильмнен Кеңес империясының күйреуі мен елдің тәуелсіздік алуы, ядролық қарудан бас тарту жайлы пайымдайтын қарапайым адамды көресіз. Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық келешегі туралы әңгімелейді. Меніңше, бұл жарқын болашақ", - деп жазды Оливер Стоун.

Жаңалықтар
0