Қоғам

Қазақстандық композитор Яков Хан дүниеден өтті

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЦветы и свеча, архивное фото
Цветы и свеча, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2021
Жазылу
Музыканттың мезгілсіз қазасына коронавирус себеп болғаны айтылған. Композитор артында бай шығармашылық мұра қалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық композитор, джазмен Яков Хан дүниеден өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұмның отбасына көңіл айтты.

"COVID ең жақсы адамдарды әкетіп жатыр. Бүгін тағы бір керемет жаннан айырылдық. Яков Ханның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды Аида Балаева әлеуметтік желіде.

"Танымал музыкант, композитор, джазменнің артында бай шығармашылық мұра қалды. Түрлі жанрдағы туындылары бар. Ол көптеген жылдар бойы "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблімен әріптестік байланыста болды", - деп жазды министр.

Жаңалықтар
0