Қоғам

Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 15 қыркүйекте басталады

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуВакцинация против гриппа в Калининграде
Вакцинация против гриппа в Калининграде - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Медициналық мекемелер эпидемиологиялық маусымда жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға шалдығатын науқастарды қабылдауға дайын болуы керек  

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда тұмауға қарсы иммундау науқаны 15 қыркүйектен басталады. Бұл туралы бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында айтылған.

Құжатта 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге медициналық ұйымдарды дайындау қажеттігі айтылған.

"Ірі жұмыс берушілермен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен кәсіпорын жұмыскерлерін тұмауға қарсы вакциналаумен қамту бойынша белсенді түсіндіру жұмысы жүргізілсін", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар 15 қыркүйекке дейін 6-7 жастағы балаларға туберкулезге қарсы ревакцинация жүргізуді аяқтау тапсырылды.

"Қарқынды терапия көрсету үшін қажетті жағдай (әлеуметтік қашықтықты, егілетін адамдардың ағынын сақтау, маска пайдалану, антисептиктің болуы) жасалсын, төсек қоры көлемі, негізгі тұмауға қарсы препараттар мен құралдар (вирусқа қарсы препараттар, оксолин майы, ыстықты түсіретін құралдар, иммундық түрлендіруші құралдар, дәрумендер мен минералдар), жабдықтар мен құралдар, дезинфекциялық препараттар мен жеке қорғаныш құралдар резервін жасай отырып, эпидемиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға медициналық ұйымдар дайындалсын", - деп аталып өткен құжатта.

Оқи отырыңыз: Вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа жіберуді шектеу туралы қаулы жарияланды 

Білім басқармаларының басшылары оқушылардың келмеу себебін анықтай отырып, балалардың, жасөспірімдер мен қызметкерлерге күн сайын мониторинг жүргізуді және медициналық ұйымдар мен аумақтық бөлімшелерге ауру жағдайлары туралы хабарлауға міндеттелді.

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтай отырып, жіті респираторлық ауру белгілері бар оқушылар мен қызметкерлерді сабаққа жібермеу үшін әрбір ауысым алдында таңертеңгі сүзгіні ұйымдастыру керек.

Қаулының толық мәтінін мына жерде оқуға болады. 

Жаңалықтар
0