Қоғам

Тоқаевтың тапсырмасымен салынатын мың мектептің құрылысын бақылауға болады

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуБашенный кран, архивное фото
Башенный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Портал арқылы қандай елді мекенде мектеп салынатынын, құрылыстың ағымдағы жағдайы мен барысын бақылауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде орын тапшылығын жою үшін қандай шаралар атқарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2025 жылы урбанизация мен туу деңгейінің өсуіне байланысты мекептерде 993 мың орынға қажеттілік пайда болады деп болжанып отыр. Орын тапшылығын болдырмау үшін президент 1 мың жаңа мектеп салуды тапсырды.

Аймағамбетов мектеп құрылысы 4 негізгі механизм арқылы іске асырылатынын айтты:

  • мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс;
  • мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі;
  • жекеменшік мектептер желісін дамыту;
  • модульдік мектептер салу.

"Жоспарға сәйкес биылдың өзінде 200 жаңа мектепті іске қосамыз. Келесі төрт жыл ішінде жыл сайын 200 мектеп салынады. Жергілікті атқарушы органдар осы мың мектепті салу үшін қажетті жер учаскелерін алдын ала бөліп, оның интерактивті картасын әзірлеуі қажет", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Мектептерде орын тапшылығы 1 миллионға жетуі мүмкін – Тоқаев 

Министр осы тапсырманың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу үшін арнайы электронды портал іске қосылатынын мәлімдеді.

Білім министрлігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, портал арқылы қандай елді мекенде мектеп салынатынын, құрылыстың ағымдағы жағдайы мен барысын бақылауға болады.

Сондай-ақ ведомство 1 500, 2 000, 2 500, 3 000 оқушыға арналған мектептердің заманауи типтік жобаларын дайындау керек деп есептейді.

Жаңалықтар
0