10:24 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Әскери бөлімдегі жарылыс (76)
44 0 0

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Парламент сенатының депутаттары бір күндік жалақысын Жамбыл облысында жарылыстардан зардап шеккен және қайтыс болған азаматтардың отбасына аударуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Байзақ ауданында болған төтенше жағдай қабырғамызды қайыстырды. Бүгінде президент тапсырмасымен жарылыс салдарынан қаза болғандардың отбасына және зардап шеккен адамдарға көмек көрсетілуде. Осыған орай, сенат депутаттарының бір күндік жалақысын зардап шеккендерді қолдауға арналған қорға аудару туралы ұсыныс бар", - деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі отырыста.

Депутаттар осы ұсынысты бірауыздан қолдады. Ал сенат аппаратына бір күндік жалақыны арнайы қорға аударуға тапсырма берілді.

26 тамыз кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды. Белгілі болғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған.

Соңғы мәлімет бойынша төтенше жағдайдан 15 адам қаза тапты. Барлығының жеке басы анықталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

Тақырып:
Әскери бөлімдегі жарылыс (76)

Тақырып бойынша

"Түнде болса, қашып үлгермейтін едік": оқиға куәгерлері Тараз маңында не болғанын айтты
Тараз түбіндегі жарылыс: желіде жантүршігерлік суреттер мен видеолар жарияланды
Бірнеше метрге ұшып кетті: Тараз маңындағы жаралыс кезінде түсірілген видео жарияланды
Тараз түбіндегі жарылыстар: билік төтенше жағдай жариялады
Тараз түбіндегі үйдің маңында снарядтар үйіліп жатыр: министрлік түсініктеме берді
Кілт сөздер:
сенатор, жалақы
Загрузка...

Басты тақырып