Қоғам

"Qatar Airways" Қазақстанға әуе рейстер ашады

© AP Photo / Fred LancelotСтюардесса Qatar Airways, архивное фото
Стюардесса Qatar Airways, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
15 қазаннан бастап Дохадан Алматыға және кері бағытта тұрақты рейстер ашылады. Qatar Airways бірнеше жыл бойы Skytrax бойынша әлемнің "бес жұлдызды" әуе компаниясы тізіміне енді

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына Қазақстан мен Катар арасында тұрақты әуе қатынасын ашу мәселесі талқыланды.

Соның нәтижесінде 2021 жылдың 15 қазанынан бастап Доха және Алматы қалалары арасында Катардан Қазақстанға тұрақты рейстер орындалады.

Ұшу барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшақ кестесі әуе компания сайтында жарияланады. Осылайша А-320 үлгісіндегі ұшақ дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс орындайды деп жоспарланған.

Айта кетері, 2020 жылдың басында Қазақстан мен Катар елге кіріп-шығу үшін визасыз режим орнатты.

Qatar Airways әуе компаниясы 1997 жылы құрылған. Бүкіл әлем бойынша 160-тан астам жерге ұшады.
Әуе кемелері паркінде А-320/321/350, Б-777/787 үлгісіндегі 200-ден астам ұшақ бар.

Qatar Airways 2011, 2012, 2015, 2017 және 2019 жылдары Skytrax бойынша әлемнің "бес жұлдызды" әуе компаниясы тізіміне кірді. 46 000-нан астам қызметкері бар.

Жаңалықтар
0