Қоғам

Ермекбаев қаза тапқан және жоғалған әскерилердің отбасыларына награда табыстады

© Photo : министерство обороны Республики КазахстанМинистр обороны Нурлан Ермекбаев вручает награды семьям погибших близ Тараза военных
Министр обороны Нурлан Ермекбаев вручает награды семьям погибших близ Тараза военных - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Соңғы мәлімет бойынша әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен әскерилердің отбасыларына награда тапсырды, хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Айта кетері, Тараз түбіндегі жарылыстар кезінде 15 адам көз жұмды. Олардың ішінде әскерилер мен өрт сөндірушілер бар.

29 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерлікпен қаза тапқандарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Халық қаһарманы" атағымен

  • өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары полковник Мейіржан Қақпасынұлы Айманов;

І дәрежелі "Айбын" орденімен

  • Қапезов Арман Қуанышұлы (марқұм) – Бас әскери прокуратураның Оңтүстік аймақ әскери прокуроры;
  • Микропуло Александр Николаевич (марқұм) – төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары).

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

  • Дәлібаев Оразбек Дайраұлы (марқұм) – қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі ведомстволық күзет командасының атқышы;
  • Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы (марқұм) – қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (өрт сөндірушісі);
  • Мешінбай Марат Сайлауұлы (марқұм) – қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (механик-жүргізушісі);
  • Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы (марқұм) – қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының бөлімше бастығы (команда бастығы);
  • Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы (марқұм) – төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Темірболатов Арнұр Серікұлы (марқұм) – төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы (марқұм) – төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы марапатталды.

Жақында табылған 15-ші адамның мәйітін туған-туыстары таныды. Ол – №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы Сергей Владимирович Заикин.

Жамбылдағы жарылыс

Қайғылы оқиға 26 тамыз кешкі жетілер шамасында болды. Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды. Белгілі болғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, өрт тротил сақталған қоймадан басталған.

Соңғы мәлімет бойынша оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 15 адам қаза тапты. Олардың арасында әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери прокурор бар.

29 тамыз Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес,  қазіргі уақытта жарылыс қаупі бар заттардан техникалық және әкімшілік аумақты, сыртқы және ішкі қоршауларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқ-дәрілер қалдықтарының ұшу радиусын ұшқышсыз ұшу құрылғылары арқылы қарап жатыр. Оқ-дәрілердің бөлшектері 300 метрге, яғни базаның қоршауынан тек солтүстік және оңтүстік жаққа қарай ұшқаны анықталды. Базада снарядтар сақталмаған.

Жаңалықтар
0