Қоғам

Жасырын нөмірден кім хабарласқанын қалай білуге болады

© Public DomainТелефон, соцсети, иллюстративное изображение
Телефон, соцсети, иллюстративное изображение - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Жазылу
Бірде-бір адам нөмірін толықтай жасыра алмайды. Қазіргі уақытта жасырын қоңырауды анықтаудың түрлі тәсілі бар

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз — Sputnik. "ИТ-Резерв" компаниясының директоры Павел Мясоедов "Прайм" агенттігіне жасырын нөмірден хабарласқан адамды қалай анықтауға болатынын айтып берді.

Маманның сөзінше, бірде-бір адам нөмірін толықтай жасыра алмайды. Қазіргі уақытта жасырын қоңырауды анықтаудың түрлі тәсілі бар.

"Алаяқтардың мәліметтер базасы немесе банк, байланыс операторлары жасаған арнайы қосымшалар бар. Олар нөмірді бірден анықтай алады", - деді сарапшы.

Алайда кейде белгісіз нөмірден кім қоңырау шалғанын білу қиынға соғады. Мұндай жағдайда абонентті барынша мұқият тексеру керек. Мәселен, іздеу қосымшалары мен сайттағы жарнамалар бөлімінен қарауға болады.

Бұдан бөлек, абонентті анықтау үшін мессенджерді тексерген жөн. Ол жерде суреті болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0