Қоғам

Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы Әли Аманбаев дүниеден өтті

© Sputnik / Елена БережнаяВыставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту
Выставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2021
Жазылу
Ол 1990 жылдан бері Алматы қалалық мүгедектер қоғамының басшысы болған. 2009 жылдан бері Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағын басқарды

АЛМАТЫ, 29 тамыз — Sputnik. Алматы қалалық мүгедектер қоғамы мен Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы Әли Аманбаев 73 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп жазады "Вечерний Алматы".

Қазаның себебі айтылған жоқ. Ол 1990 жылдан бері Алматы қалалық мүгедектер қоғамының басшысы болған. 2009 жылдан бері Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағын басқарды.

Қайрат Иманалиев атындағы мүгедектігі бар адамдар құқығын қорғау комиссиясының жетекшісі Вениамин Алаев  Facebook-те көңіл айтты.

"Біз 2009 жылы таныстық. Ол мені үйлестіру қызметіне шақырды. Бұл салада тәжірибем болмаса да, қолымнан келетінін айтқан еді... Туғандары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды ол.

Жаңалықтар
0