Қоғам

90 жастан асқан Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

© Sputnik / Тимур БатыршинПрезидент Казахской академии питания, академик РАМН, академик НАН, доктор медицинских наук, профессор, лауреат Госпремии, заслуженный деятель науки Казахстана Торегельды Шарманов
Президент Казахской академии питания, академик РАМН, академик НАН, доктор медицинских наук, профессор, лауреат Госпремии, заслуженный деятель науки Казахстана Торегельды Шарманов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Төрегелді Шарманов 1930 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті

АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы профессор Facebook парақшасында хабарлады. Видео жариялап, індеттен құтылудың жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айтты.

"Бүгін әлемді жайлаған бір инфекция бар. Өте қауіпті індет. Ол – коронавирус инфекциясы. Бұдан сақтанудың бір-ақ жолы бар, ол – бетперде тағу, вакцина салдыру. Мен 90-нан асып бара жатырмын. Вакцина салдырдым. Ешқандай қауіп жоқ, ұйқым жақсы. Қауіпті індеттен сақ болу үшін вакцина салдырыңыз", - деді Төрегелді Шарманов.

Маман вакцина салдыру арқылы адам өзін және жақындарының өмірін сақтайтынын тағы бір рет еске салды.

Төрегелді Шарманов 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті.

Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Маман тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесіне ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады.

Жаңалықтар
0