Қоғам

Отандық көрнекті ғалым өмірден озды

© Sputnik / Абзал КалиевМужчины идут по дороге на фоне Акорды, Байтерека и комплекса зданий госорганов
Мужчины идут по дороге на фоне Акорды, Байтерека и комплекса зданий госорганов - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Жазылу
Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті, деп атап өтті президент

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі Нәдір Нәдіровтың дүниеден өтуіне байланысты қоғам қайраткерінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға зор үлес қосты. Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады", – делінген президенттің жеделхатында.

Халықаралық күрд қауымдастығы федерациясының құрметті президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және білім қайраткері академик Нәдір Кәрімұлы Нәдіров 89 жасында дүниеден озды.

Нәдіров мұнай химиясы, мұнай өңдеу, баламалы энергетика, мұнай геологиясы және тағы басқа салалардың дамуына сүбелі үлес қосты. Ол 750 ғылыми мақаланың, 27 ғылыми еңбектің, 250 авторлық куәліктің авторы.

Нәдір Нәдіров 1932 жылы Әзербайжан КСР Нахичеван ауданының Кикач ауылында дүниеге келді, 1937 жылы туыстарымен және отбасымен бірге Қазақстанның Жамбыл облысына жер аударылды және 1956 жылға дейін арнайы тіркеуде болды. Ал Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1993 жылдың 14 сәуіріндегі "Жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан заңына сәйкес, ол саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылып, ақталды.

Жаңалықтар
0