Қоғам

Ілияс Жансүгіровтың ұлы дүниеден озды

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Жазылу
Саят Жансүгіров жазушының үшінші әйелі Фатима Төребаевадан туған. 8 жасында әкесінен айырылған, артынан анасы да көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Алматыда Алаш арысы Ілияс Жансүгіровтың ұлы Саят Жансүгіров 91 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Режиссер Сатыбалды Нарымбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
"Ғұмырын өнерге арнады": Нарымбетовтің достары режиссер жайлы естелігін бөлісті
Кенші, техника ғылымдарының кандидаты Саят Жансүгіров 1930 жылы 21 ақпанда дүниеге келген. Мәскеуде білім алып, зейнетке шыққанша тау инженері болып жұмыс істеді. Қазақ ССР Ғылымдар академиясының тау-кен ісі институтында біраз уақыт еңбек етті.

Ілияс Жансүгіровтың тұңғышы 8 жасында әкесінен айырылып, артынан анасы да көз жұмды. Содан Саят 13 жасында жұмыс істей бастаған.

"Әкем керемет адам еді. Ол мені тізесіне отырғызып алып тек жақсы сөздер айтатын. Менің әкем халықтың адамы ғой. Сол кездегі мейірімді бейнесі әлі көз алдымда. Әкеме деген жылылық әлі күнге жүрегімнен кетпейді. Жастайымнан ағайын-туыс, үйге келетін адамдардың бәрі әкеңе ұқсайсың деп айтатын. Мектепте, кейін Мәскеудегі Тау-кен университетінде орысша оқыдым. Жұмыста да өңшең орыстардың арасында болдым. Алайда тілімді сақтап қалдым", – деп еске алды Саят Ілиясұлы бір сұхбатында.

Тау инженері әкесінің өлеңдерін де аударып, газет-журналдарда жариялаған.

Айта кетері, Саят жазушының үшінші әйелі Фатима Төребаевадан туған. Қарындасы Сайра кішкентай кезінде шетінеп кеткен.

Жаңалықтар
0