Қоғам

Министр қоғамда қызу талқыланып жатқан келеңсіз жағдайға қатысты түсініктеме берді

© Photo : служба центральных коммуникацийАида Балаева
Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Жазылу
Аида Балаева әкімдік ғимаратында күш қолданылған журналиске қолдау білдірді

АЛМАТЫ, 25 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыда аудандық әкімдікте "Хабар 24" телеарнасының журналисіне күш қолданылуына қатысты түсініктеме берді.  

Ол Алатау ауданы әкімдігі қызметкерінің әрекеті интернет желісінде қызу талқыланып жатқанын айтты.

"Аудандық әкімдіктің жауапты тұлғаларының бұған қатысты еш шара қолданбауы мәселені тіпті ушықтырып отыр. Бұл әрине өте өкінішті және біздің бүгінгі "еститін мемлекет", "ашық әкімдік" қағидаларына қайшы келетін жағдай. Журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек. Олар өздерін қай жерде де еркін сезінуге тиіс", - деп жазды Балаева Facebook парақшасында.

Министр БАҚ өкілдері елдің тиісті заңнамалары мен нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес қажетті толыққанды ақпарат алуға қай кезде де құқылы екенін айтты.

"Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы қызметтік тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауы қажет деп санаймын. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылуға тиіс. Алдағы уақытта қай жерде болмасын, БАҚ өкілдеріне қатысты бұндай келеңсіз жағдайларға жол берілмеуі қажет", - деп түйіндеді министр.

Айта кетері, бұған дейін желіде телеарна тілшісін аудан әкімдігі ғимаратынан күзетшінің сыртқа шығарып жіберген видеосы тарады.

Одан кейін Алатау ауданы әкімдігі ресми мәлімдеме жасап, журналистің карантин талаптарын сақтамай, әкімдік ғимаратына Ashyk қосымшасын қолданбай, турникеттің астынан өткен сәт түсірілген видеоны жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алатау Ауданы Әкімдігі (@akimat_alatau)

 

Жаңалықтар
0