Қоғам

Ауғанстаннан Алматыға келген БҰҰ қызметкерлері қайда тұрады

© Photo : Министерство обороны Республики Казахстан С-295 ВВС ҚР әскери-транспорттық ұшағы
 С-295 ВВС ҚР әскери-транспорттық ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Ауғанстаннан ұшып келген барлық азамат коронавирусқа қарсы ПТР-тест тапсырды, дейді департамент қызметкерлері

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ауғанстаннан келген ел азаматтары мен Біріккен ұлттар ұйымы қызметкерлерінің жағдайы туралы айтты.

Өткен бейсенбіде Кабулдан Алматыға эвакуациялық рейстер келе бастады. 19 тамыз күні алғашқы ұшақ Қазақстанның 27 азаматын (оның алтауы балалар) және әуежайдан елдеріне бірден оралған 15 Қырғызстан азаматын алып келді.

Департамент мәліметінше, Қазақстанның 27 азаматы Shera Inn отеліне орналастырылды.

Екінші рейспен БҰҰ дипломатиялық миссиясын орындаушы 135 қызметкер келді. Олардың арасында Ауғанстан азаматтары болған жоқ. Олар Rixos қонақүйіне жайғасты.

Сонымен қатар жексенбі күні Кабулдан БҰҰ дипломатиялық миссиясының тағы 108 қызметкері келіп жетті. Олар "Интерконтиненталь" қонақүйінде тоқтады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ҰҚШҰ-дағы әріптестерімен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Ауғанстаннан ұшып келген барлық азамат коронавирусқа қарсы ПТР-тест тапсырды. Департамент мәліметінше, олардың бірде-біреуінен коронавирус анықталмады.

Бұған дейін Sputnik Казахстан БҰҰ қызметкерлері Алматыға Ауғанстанда жағдай тұрақталғанға дейін уақытша тоқтағанын жағзан. Бұл шамамен жарты жылға созылуы мүмкін. Сонымен қатар қызметкерлердің барлық шығыны, кеңсені жалға алу ақысы БҰҰ бюджетінен қаржыландырылатын болады.

Ауғанстандағы жағдай билікке Талибандардың* келуінен кейін шиеленісті. Шетеледік қызметкерлер мен шетелдік миссия үшін жұмыс істеген Ауғанстан азаматтарын елден эвакуациялау Кабулдағы жалғыз әуежай арқылы жүзеге асуда. Оны НАТО елдері мен АҚШ-тың әскерилері қорғауға алды.

Талибан* - Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде қызметіне тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0