Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 120 адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Бір күнде коронавирус инфекциясынан Алматыда 23 адам, Шымкентте 13 адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 24 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 120 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство мәліметінше, 97 науқас коронавирус инфекциясынан, 23 адам пневмониядан қайтыс болған. Қайтыс болғандар Алматы (23), Шымкент (13), Ақмола облысы (11) және Нұр-Сұлтан (11) мен Қарағандыда (10) көп тіркелді.

Сондай-ақ Алматы инфекция анықталғандар саны бойынша да алғашқы қатарда тұр. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 5 631 жағдай тіркелсе, соның 1 505-і Алматыда анықталған.

Оқи отырыңыз: Індетті жұқтырғандардың саны біршама азайды 

24 тамыздағы мәлімет бойынша, 123 226 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 28 577 пациент стационарда, 94 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастар арасында 1 824 адамның жағдайы ауыр, 555 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 267 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0