Қоғам

Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады

© Sputnik / Болат ШайхиновАвтомобили
Автомобили - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Көлікті айдап кету оқиғалары Алматы қаласында, Қостанай мен Алматы облыстарында жиі тіркеледі екен

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі жиі ұрланатын көлік маркаларын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстанда жиі ұрланатын көлік маркалары бар. Олар - Mercedes, Toyota, Mazda, BMW, Volkswagen және Lexus. Сосын біздің талдауымыз бойынша көлікті айдап кету оқиғалары Алматы қаласында, Қостанай мен Алматы облысында жиі болады", - деді криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов онлайн брифингте.

Оның айтуынша, 16-22 тамыз аралығында "Автомобиль" республикалық шарасы өтті. Оған 5 мыңнан астам полиция қызметкері қатысты. Негізгі мақсат – ұрланған көліктерді анықтау.

"Бір аптаның ішінде 118 көлік ұрлығы анықталды. 143 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 8 қылмыстық топ та бар", - деді Нұрмағамбетов.

Бұдан бөлек, ұрланған автобөлшектерді сатқан жүздеген кәсіпкер де жауапқа тартылды. Оларға айыппұл салынып отыр. Заң бойынша қосалқы бөлшектер арнайы дүкендерде ғана сатылуы шарт. Ал автобөлшектер біреуден сатып алынса, келісімшарт жасалуға тиіс.

Жаңалықтар
0